Олимпиада чемпионы үш айлық қызымен жасаған жаттығуын көрсетті (ВИДЕО)

Олимпиада чемпионы үш айлық қызымен жасаған жаттығуын көрсетті (ВИДЕО)
Дзюдо

Getty Images

Дзюдодан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, Өзбекстан құрамасының өкілі Диера Келдиерова үш айлық қызымен жаттығу жасап жүр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаттығу залынан видео жариялады. Онда дзюдошының үш айлық қызының татами жанында жатып, жаттығуды бақылап жатқаны көрінеді. 

“Менің ең үлкен қолдауым”, - деп жазған видеоның астына Диера Келдиерова. 

Еске салайық, Париждегі Олимпиада ойындарының 1/16 финалында өзбекстандық татами шебері жапониялық Абэ Утэні иппонмен жеңген. Финалда косоволық Дистрия Красничиді ұтып, алтын медаль жеңіп алған еді.