Сәтпаев Чемпиондар Лигасы тарихында гол соққан ең жас ойыншылардың үштігіне кірді

Сәтпаев Чемпиондар Лигасы тарихында гол соққан ең жас ойыншылардың үштігіне кірді
Футбол

“Қайрат” ФК

Алматылық “Қайрат” УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңі аясында “Копенгагенмен” ойнап, сырт алаңда жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойында алматылық ұжым шабуылшысы Дастан Сәтпаев гол соқты. Осылайша, ол УЕФА Чемпиондар Лигасы тарихында гол соққан тұңғыш қазақ футболшысы атанды. “Қайраттың” бұған дейінгі ойындарында және “Астана” Чемпиондар Лигасында өнер көрсеткен 2015-2016 жылдар маусымында тек легионерлер гол соққан. 

Сонымен қатар, Дастан Сәтпаев Чемпиондар Лигасы тарихында гол соққан ең жас ойыншылардың үштігіне кірді. “Копенгагенге” гол соққан сәтте оның жасы 17 жас 110 күн еді. Ал бұл тізімде Ансу Фати (17 жас 40 күні), мен Ламин Ямаль (17 жас 68 күн) көш бастап тұр.