Александр Бублик әлемнің 117-ракеткасынан жеңіліп қалды

Александр Бублик әлемнің 117-ракеткасынан жеңіліп қалды
Теннис

Александр Бублик. Сурет: Alex Bierens de Haan/Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллсте өтіп жатқан ATP 1000 турниріндегі жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Дүниежүзілік рейтингте оныншы орында тұрған Бублик жарыстың 1/16 финалында аустралиялық Ринки Хиджикатамен шеберлік байқасты. Үш сетке жалғасқан ойын 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 3:6 есебімен аустралиялық теннисшінің пайдасына аяқталды. 

Осылайша, қазақстандық теннисші "Мыңдық" жарысты үшінші айналымда аяқтады.