Елена Рыбакина "мыңдық" жарыстың төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина
Теннис

Елена Рыбакина. Сурет: WTA

Әлемнің үшінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 жарысының келесі айналымына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық теннисші турнирдің үшінші кезеңінде украиналық Марта Костюкпен кездесті. Матчтың алғашқы сетінде украиналық теннисші үш рет таразы басын теңестіргенімен, Елена Рыбакина партияны өз пайдасына шеше білді - 6:4. Екінші сеттің басында теннисшілер брейк алмасып, артынша Марта Костюк 4:2 есебімен алға шыққан. Алайда осыдан кейін Рыбакина қатарынан төрт геймде жеңіске жетіп, сетті тағы да өз есебіне жазды. 

Осылайша, 2:0 есебімен жеңіске жеткен қазақстандық теннисші жарыстың төртінші айналымына жолдама алды.