Эрисланди Лараның жаңа қарсыласы белгілі болды

Эрисланди Лараның жаңа қарсыласы белгілі болды
Бокс

Instagram

Кубалық кәсіпқой боксшы Эрисланди Лараның жаңа қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Premier Boxing Champions ұйымдастырушылары Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін хабарлады. Ол 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалес болады. 1 наурызда Гонсалес бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джаррет Хердті жеңген. Ал Херд кезінде дәл осы Эрисланди Лараны да ұтқан.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегі қазақстандық былғары қолғап шеберінің допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылғанына байланысты өтпейтін болды.