Қазақ таеквондошысы әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты
Басқа
Қазақстан таеквондо федерациясы
Таеквондодан Кенияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Бейбарыс Қаблан жартылай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохамсадты 2:1 есебімен жеңді. Ирандық спортшы 2022 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған.