Қазақ баласы таеквондодан әлем чемпионы атанды

Қазақ баласы таеквондодан әлем чемпионы атанды
Басқа

Қазақстан таеквондо федерациясы

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында Бейбарыс Оңтүстік Корея өкілі Ян Чжуненді жеңді. 

87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз біріншілік аясында жалпы төрт кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеуде ол Үндістан және Түркия өкілдерін жеңіп, жартылай финалда ирандық Ашрафи Амирмохаммадты 2:1 есебімен ұтты. 

Әлем чемпионаты бүгін бастауын алды, жарыс 6 желтоқсанға дейін жалғасады.