Президент Бейбарыс Қабланды әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Басқа
World Taekwondo
Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп
хабарлайды BasSport.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.
Еске салайық, Бейбарыс Қаблан бүгін Найробиде өтіп жатқа әлем чемпионатының финалында Оңтүстік Корея өкілін жеңіп, топ жарған еді.