“Барыс” төрт ойынға жалғасқан жеңіліс сериясын үзді

“Барыс” төрт ойынға жалғасқан жеңіліс сериясын үзді
Хоккей

“Барыс” ХК

Елордалық “Барыс” бүгін өз айдынында мәскеулік “Спартакты” қабылдап, жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұған дейінгі төрт ойында жеңіліс тапқан айдын иелері алғаш болып есеп ашып, Аңсар Шахймедденов көзге түсті. “Спартак” таразы басын теңестіріп, кезең соңына дейін есепте алға шықты. Үшінші кезеңнің басында мәскеулік ұжым тағы бір шайба соққанымен, артынша “Барыс” ойынға қайта орала білді. Райли Уолш есеп айырмасын қысқартса, Джейк Масси таблодағы көрсеткішті теңестірді. Үшінші кезең нәтижелі шабуылсыз өтіп, овертаймда Макйл Веккьоне өз командасына жеңіс сыйлады.

Бүгін өзінің 26 жасқа толған туған күнін атап өткен “Барыс” жеңіске қол жеткізді.

Барыс (Астана) - Спартак (Мәскеу) 4:3 ОТ (1:2, 2:1, 0:0, 1:0)

1:0 - Шайхмедденов (Масси, Данияр) - 05:03 1:1 - Порядин - 08:36

1:2 - Пивчулин (Беляев, Бычков) - 13:45

1:3 - Локхарт (Ружичка, Миронов) - 23:10 ГБ

2:3 - Уолш (Данияр) - 29:53

3:3 - Масси - 32:08

4:3 - Веккьоне (Морелли, Маккошен) - 62:05

Қақпашылар: Шил - Загидулин