Римде Қысқы Олимпиаданың алауы жағылды

Римде Қысқы Олимпиаданың алауы жағылды
Басқа

Италия астанасы Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті. Олимпиада алауын Италия президенті Серджо Маттарелла ресми түрде тұтатты. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады. Шараға Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Кирсти Ковентри, Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Джованни Малаго және Италияның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жетекшілері қатысты. 

Италия аумағындағы Олимпиада алауының ресми эстафетасы 6 желтоқсанда басталады. Маршрут елдің маңызды мәдени және тарихи аймақтарын, соның ішінде көптеген ЮНЕСКО нысанын қамтиды. 

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.