Батырхан Төлеуғали әлем чемпионатының финалында

Батырхан Төлеуғали әлем чемпионатының финалында
Басқа

Бүгін таеквондодан Кения астанасы Найробиде өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының соңғы жарыс күні. Жарыстың шешуші күнінде Қазақстан құрамасы сапынан Батырхан Төлеуғали финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда бейтарап ел өкілі Владислав Будинді 2:0 есебімен сенімді жеңді. 

Батырхан әлем чемпионатының алтын жүлдесін ирандық Мохаммад Ализадамен сарапқа салады.