Тарихи жетістік: тағы бір қазақ баласы таеквондодан әлем чемпионы атанды
Басқа
Қазақстан таеквондо федерациясы
Таеквондодан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды.
Қазақстандық спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шықты.
Финалда Төлеуғали ирандық Мохаммад Ализадені жеңді.
Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль иеленген еді.