Таеквондо: Қазақстан әлемнің үздік үштігі қатарына енді
Басқа
Қазақстан таеквондо федерациясы
Кения астанасы Найробиде таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Байрақты бәсеке қорытындысында 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Ел қоржынында 2 алтын мен 1 қола бар. Бейбарыс Қаблан мен Батырхан Төлеуғали жаһан біріншілігінде топ жарып, алтын жүлде иеленсе, Тамерлан Тлеулес қолаға қанағат қылған еді. Бұл - Қазақстан таеквондосы үшін тарихи нәтиже.
Чемпионат нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 2 күміспен Түркия құрамасы топ жарса, 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен Иран екінші орынға тұрақтады.
Жалып, Кенияда жалауын желбіреткен жарысқа 75 елдің 500-ге жуық даянг шебері қатысты.