Талғат Жайлауов Бірінші арна Кубогына қатысатын хоккейшілер тізімін жария етті

Талғат Жайлауов Бірінші арна Кубогына қатысатын хоккейшілер тізімін жария етті
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

11 желтоқсанда Новосібірде хоккейден Бірінші арна Кубогы турнирі басталады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Жайлауов жарыста ел намысын қорғайтын хоккейшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Роман Калмыков («Номад»), Владислав Пестов («Торпедо»);

Қорғаушылар: Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Бейбарыс Оразов (барлығы - «Барыс»), Мади Диханбек, Кирилл Никитин (екеуі де - «Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі де -«Сарыарқа»), Федор Хорошев («Торпедо»).

Шабуылшылар: Олег Бойко, Саян Данияр (екеуі де - «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников (екеуі де - «Сарыарқа»), Андрей Буяльский («Полония Бытом», Польша), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Вячеслав Колесников, Кирилл Ляпунов, Батырлан Муратов, Руслан Оспанов (барлығы - «Барыс»), Оскар Юлбарисов («Горняк»);

Бапкерлер штабы:

Бас бапкер – Талгат Жайлауов

Бапкерлер: Константин Пушкарев, Андрей Корабейников

Қақпашылар бапкері – Александр Кудрявцев

Жалпы дене жатттығуы бойынша бапкер – Сергей Левданский

Бас менеджер – Олег Болякин