Алты қазақ боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалында
Бокстан Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан қазақ боксшыларының есімі белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
48 келіде өнер көрсететін Теміртас Жүсіпов ширек финалда сүрінбей өтіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ол жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен жұдырық түйістіреді.
Сәкен Бибосынов (54 келі) та жарыс жолын сәтті жалғастырып келеді. Оның келесі қарсыласы - Непал өкілі Чандра Бахадур.
75 келіде бақ сынайтын Сабыржан Аққалықов финал жолдамасын өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоевпен сарапқа салады.
Оразбек Асылқұлов 57 келінің финалында өнер көрсету үшін ресейлік Андрей Пегливанянмен шеберлік байқасады.
Ертуған Зейнуллинов (63.5 келі) те финал жолдамасына ресейлік былғарып қолғап шеберімен сарапқа салады. Оның қарсыласы - Илья Попов.
71 келіде финалға шығатын тағы бір боксшының есімі Абылайхан Жүсіпов пен қырғызстандық Ихтияр Нишонов арасындағы жекпе-жекте анықталады.