Әлем чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасының турнирлік кестедегі жағдайы қандай
Хоккей
Қазақстан жастар құрамасы
Словенияның Блед қаласында өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының (ІА) жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы турнирлік кестеде екінші орында тұр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Антон Васин бастаған команда Украинда овертаймда жеңіліп, Словенияны буллиттер сериясында ұтып, Францияны ірі есеппен жеңді. Қазір құрама қоржынында 6 ұпай бар.
Енді жастарымыз Норвегия және Австрия құрамаларына қарсы ойнайды.
