Қазақстан Бірінші арна Кубогын сәтсіз бастады
Хоккейден Новосібірде өтіп жатқан Бірінші арна Кубогы турнирінің алғашқы матчында Қазақстан Беларусьпен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойын есебін Беларусь құрамасы ашып, екінші кезеңде Дмитрий Квартальнов шәкірттері Никита Бояркин қорғаған қақпаға тағы үш шайба соқты. Талғат Жайлауов бастаған ұжым есеп айырмасын үшінші кезеңнің басында қысқарта білді. Руслан Оспанов кем құрамдағы ойын кезінде көзге түсіп, команданың осы матчтағы жалғыз шайбасының авторы атанды.
Беларусь - Қазақстан - 4:1 (1:0, 3:0, 0:1)
1:0 - 11:43 - Горбунов (Пинчук, Алистров)
2:0 - 25:42 - Мороз (Дроздов, Белевич)
3:0 - 27:54 - Горбунов (Пинчук, Алистров)
4:0 - 30:15 - Скореенов (Парфенюк, Дроздов)
4:1 - 41:20 - Руслан Оспанов ГМ
Қақпашылар: Кульбаков - Бояркин