Өскемен хоккейінің тәрбиеленушісі ҚХЛ клубының бас бапкері атанды
Евгений Корешков /Сурет: ҚХЛ /Павел Табарчук
Өскемен хоккейінің тәрбиеленушісі Евгений Корешков Құрлықтық хоккей лигасы клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ол биылғы 2025/2026 жылдар маусымының соңына дейін челябілік клубты жаттықтырады.
Евгений Корешков бұған дейін “Трактордың” бапкерлер штабы құрамында болған. 55 жастағы жаттықтырушы қараша айының соңында Рафаэль Ришенің көмекшісі қызметіне кіріскен еді. Бас бапкердің міндетін атқарған канадалық маман 8 желтоқсанда омбылық “Авангардтың” бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Евгений Корешков 2022-2025 жылдар арасында СКА клубында жұмыс істеді. 2019-2022 жылдары ЦСКА клубы бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарып, екі рет Гагарин Кубогының иегері атанды.