Жәнібек Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Бокс
Берік Сұлтан және Жәнібек Әлімханұлы / Сурет: Instagram @janibek_qazaqstyle
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыздың менеджері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында видео жариялап, Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты жағдайға қатысты толық ақпарат берді.
"8 қаңтар күні бізді екі жағдай күтіп тұр. Біріншісі, бәрі таза болса, Жәнібек мансабын әрі қарай жалғастырады. Ал егер сынама оң нәтиже көрсетсе, екі чемпиондық атақтан да айырыламыз және спорттан белгілі бір уақытқа шеттетіледі", - деді ол.
Еске салайық, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда 2 желтоқсанда Qazaq Style-дың допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетіп, қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жектен шеттетілген еді.