“Барыс” шабуылшысы “Трактормен” ойынға қатыспауы мүмкін

“Барыс” шабуылшысы “Трактормен” ойынға қатыспауы мүмкін
Хоккей

Эмиль Галимов / Сурет: “Барыс” ХК

“Барыс” шабуылшысв Эмиль Галимов бүгін “Тракторға” қарсы өтетін ойынға қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Шабуылшы сырт айдында мәскеулік “Динамоға” қарсы өткен матчта жарақат алған. Соның себебінен бүгінгі ойында да командаға көмектесе алмауы мүмкін. Оған қоса, қақпашы Адам Шил де әлі жарақат алған ойыншылар тізімінен шығарылған жоқ. 

“Барыс” пен “Трактор” арасындағы ойын бүгін сағат 19:30-да басталады. Челябілік клуб 35 ұпаймен Шығыс конференциясында алтыншы орында тұрса, “Барыс” 34 ұпаймен үздік сегіздікті түйіндеп тұр.