"Барыс" маусымда үшінші рет "Трактордан" ұтылды

Хоккей

"Барыс" - "Трактор" / Сурет: "Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" өз айдынындағы кезекті ойынын челябілік "Тракторға" қарсы өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Евгений Корешко бастаған ұжым алғашқы кезеңде екі шайба соқты. ойынның қалған екі бөлігінде айдын иелері қанша шабуыл жасағанымен, "Трактор" қақпасының кілтін таба алмады - 0:2.

"Барыс" - "Трактор" 0:2 (0:2, 0:0, 0:0)

0:1 – 07:46 – Горюнов-Рольгизер (Жарков)

0:2 – 19:05 – Дэй (Светлаков, Джиошвили)

Қақпашылар: Шутов – Мыльников