Фристайл-акробатика: әлем Кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Қысқы спорт
Сурет: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Канаданың Лак-Бопор қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс 6-7 қаңтар аралығында өтеді. Аталған ірі халықаралық турнирде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
- Шерзод Хаширбаев;
- Асылхан Асан;
- Ұланбәкір Өмірзақов;
- Дінмұхамед Райымқұлов;
- Роман Иванов;
- Аяна Жолдас.