Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис

Анна Данилина және Александра Крунич / Сурет: WTA

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда қазақстандық-сербиялық дуэт ресейлік Мирра Андреева - Екатерина Александрова жұбына қарсы ойнап, 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Жартылай финалда Данилина мен Крунич Паула Бадоса - Арина Соболенко және Кристина Букша - Эллен Перес матчының жеңімпазымен шеберлік байқасады.