"Барыс" Тольяттиде жеңіліп, үздік сегіздік қатарына орала алмады

Хоккей

"Лада" - "Барыс" / Сурет: "Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынында "Барыс" Тольяттиде "Ладаға" қарсы ойнады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.  

Ойынның алғашқы екі кезеңі нәтижелі шабуылсыз өтсе, үшінші жиырма минуттықта айдын иелері алдымен есеп ашып, матч соңына қарай "Барыстың" бос қақпасына гол соқты. Осылайша, астаналық команда сырт айдындағы матчтар сериясын жеңілістен бастады. Енді Михаил Кравец бастаған ұжым Мәскеуде ЦСКА-ға қарсы ойнайды. Қазіргі таңда "Барыс" қоржынында 49 ойыннан кейін 39 ұпай бар. Команда Шығыс конференциясында оныншы орында келеді. 

"Лада" - "Барыс" 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)

1:0 – 53:06 – Алтыбармакян (Савчук, Земчёнок)

2:0 – 58:25 – Тянулин (Савчук)

Қақпашылар: Трушков – Шил