Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы Ресей мен Беларусьті тағы да жарыстардан шеттетті

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы Ресей мен Беларусьті тағы да жарыстардан шеттетті
Хоккей

Сурет: IIHF

Беларусь және Ресей құрамалары 2026/2027 жылдар маусымындағы халықаралық хоккей жарыстарына қатыспайды. Мұндай шешімді Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

- Соңғы отырыс пен тәуекелдерді толық бағалау негіздеріне сүйене отырып, IIHF Кеңесі Ресей мен Беларусь құрамалары мен клубтық командаларының 2026/2027 жылдар маусымындағы жарыстарға қатысуын қауіпті деп таныды. Өйткені, қазіргі жағдай барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен турнирлерді ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді, - делінген Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының мәлімдемесінде. 

Ұйым Ресей мен Беларусьтің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары мен клубтық командаларының 2027/2028 жылдар маусымында халықаралық аренаға қайта оралу мүмкіндігін қарастырады.