Қазақстан чемпионатына плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар белгілі болды
Хоккей
“Алматы” ХК. Сурет: Pro Hokei Ligasy
Хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңіне шыққан барлық сегіз команда белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Pro Hokei Ligasy биылғы маусымында Кубок үшін таласатын сегізінші команда - “Алматы”.
Алғаш болып плей-офф кезеңіне “Номад”, “Сарыарқа” мен “Торпедо” жолдама алған. Кубок үшін тағы талас жүргізетін төрт ұжым көкшетаулық “Арлан”, атыраулық “Бейбарыс”, Рудныйдың “Горняк” командасы мен Петропавлдың “Құлагері”.
Қазір командалар ел біріншілігінің екінші кезеңінде сынға түсіп жатыр. Плей-офф 20 ақпанда басталады.