Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ресейлік қыздардан жеңіліс тапты
Хоккей
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Сурет: ҚХФ
Астанада өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы Eurasia Jastar Cup турнирі аясында 3x3-ке хоккейден жарыс өтіп жатыр. Турнирдің алғашқы матчында Қазақстан жасөспірімдер командасы Ресейдің әйелдер құрамасына қарсы ойнады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жеті минуттан үш кезеңге жалғасатын матч қорытындысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Командамыздың құрамындағы жалғыз шайбаны Богдан Залевский соқты. Максим Худяков шәкірттерінің үшінші орын үшін таластағы қарсыласы кейін белгілі болады.