"Барыс" ҚХЛ аутсайдерін ұтып, жеңіліс сериясын үзді
"Адмирал" - "Барыс". Сурет: "Барыс" ХК
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында астаналық "Барыс" Владивостокта "Адмиралмен" кездесіп, алты ойынға жалғасқан жеңіліс сериясын үзді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойынның алғашқы бөлігі нәтижелі шабуылсыз өтсе, екінші кезеңде қазақстандық команда өз мүмкіндіктерін жүзеге асырды. Алдымен Кирилл Савицкий есеп ашса, артынша Дінмұхамед Қайыржан дәл соққысымен көзге түсті. Матчтың шешуші жиырма минуттығының басында Эмиль Галимов тағы бір нәтижелі шабуылдың нүктесін қойса, "Барыстың" ойындағы тағы бір шайбасын Майкл Веккьоне өз есебіне жазды. Кездесу соңына таман Либор Шулак нәтижелі соққының авторы атанғанымен, ол ойын нәтижесіне әсер еткен жоқ.
Қазіргі таңда "Барыс" 55 ойыннан кейін 42 ұпаймен Шығыс конференциясында оныншы орында келеді. Команад келесі ойынын 12 ақпанда өз айдынында СКА ұжымына қарсы өткізеді.
"Адмирал" - "Барыс" - 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)
0:1 – 22:14 – Савицкий (Данияр, Шайхмедденов)
0:2 – 27:10 – Қайыржан (Уиллман, Уолш)
0:3 – 41:48 – Галимов (Веккьоне, Логвин)
0:4 – 52:02 – Веккьоне
1:4 – 55:29 – Шулак
Қақпашылар: Хуска – Шил