Али Ахмедов WBO рейтингінде жоғарылады
Бокс
Спортс
World Boxing Organization (WBO) жаңартылған рейтингтерін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың позицияларында бірқатар өзгерістер орын алды.
Екінші орта салмақта Али Ахмедов бір сатыға көтеріліп, 14-орыннан 13-орынға жайғасты. Бұл оның дивизиондағы позициясын нығайта түскенін көрсетеді.
Жартылай ауыр салмақта Германияда тұратын қазақстандық Роман Фресс бұрынғысынша рейтингтің бірінші орнында қалып отыр.
Ал орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы шеттетуіне қарамастан WBO чемпионы мәртебесін сақтап қалды. Уақытша чемпион — британдық Дензел Бентли.
Бұл салмақтағы рейтингтің алғашқы үштігіне:
• Йоэнлис Эрнандес
• Вито Мельники-кіші
• Фёдор Черкашин енді.