ҚПЛ-дің сегізінші турындағы матчтарға 35 мыңнан астам жанкүйер келді

ҚПЛ-дің сегізінші турындағы матчтарға 35 мыңнан астам жанкүйер келді
Футбол

ASM

Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші тур ойындарына жалпы 35 186 көрермен жиналды. Бұл бір матчқа орта есеппен 4 398 жанкүйерден келеді.

Ең жоғары көрсеткіш «Ордабасы» ФК мен «Ақтөбе» ФК арасындағы кездесуде тіркелді — бұл ойынды 16 786 адам тамашалады.

Ал ең төменгі көрермен саны «Каспий» ФК мен «Астана» ФК матчында болды — небәрі 300 жанкүйер келген.

8-турдағы матчтардың қатысымы:

• «Ордабасы» ФК – «Ақтөбе» ФК — 16 786

• «Қайсар» ФК – «Жетісу» ФК — 6 300

• «Қызылжар» ФК – «Оқжетпес» ФК — 4 000

• «Ұлытау» ФК – «Елімай» ФК — 3 000

• «Ертіс Павлодар» – «Қайрат» ФК — 2 900

• «Жеңіс» ФК – «Тобыл» ФК — 1 500

• «Атырау» ФК – «Алтай» ФК — 400

• «Каспий» ФК – «Астана» ФК — 300

Жалпы алғанда, маусым басталғалы бері ҚПЛ матчтарын 387 351 көрермен тамашалаған. Орташа көрсеткіш — бір ойынға 6 052 жанкүйер.