Қазақстан дзюдошылары Душанбе Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдошылары Душанбе Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
Дзюдо

sportarena.kz

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен Dushanbe Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл додада бір ғана жүлдеге қол жеткізді.

Ел қоржынына жалғыз медальді 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрәділ Әлжан салды. Ол қола жүлде иегері атанып, Қазақстанға турнирдегі жалғыз медальді сыйлады.

Финалдық блокқа жеткен тағы екі қазақстандық дзюдошы жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады. Атап айтқанда, Асқар Нарқұлов (81 кг) пен Даниил Крылов (90 кг) шешуші белдесулерде жеңіліп, турнирді бесінші орынмен аяқтады.