Рыбакина US Open турнирінің финалына жолдама алды

Рыбакина US Open турнирінің финалына жолдама алды
Теннис

ҚТФ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездесті. Кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Қазақстандық спортшы US Open турнирінде алғаш рет финалға жолдама алды. Шешуші матчта Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Жартылай финалда Соболенко америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.