Рыбакина US Open-де қанша миллион доллар табыс тапты
sports.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің бас жүлдесін иеленіп қана қоймай, әлемдік әйелдер теннисі тарихындағы ең жоғары ақшалай сыйақыға қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Нью-Йорктегі үздік өнері үшін отандасымызға рекордтық 5,5 миллион АҚШ доллары көлемінде чек табысталды.
Айта кетерлігі, бұған дейінгі әйелдер теннисіндегі ең ірі қаржылық рекорд та дәл осы Рыбакинаның еншісінде болатын. Ол 2025 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында жалауын желбіреткен WTA қорытынды турнирінде жеңімпаз атанып, 5 миллион 235 мың доллар сыйақы алған еді. Енді Елена өз рекордын тағы да жаңартып отыр.
Осы соңғы қомақты табысының арқасында Елена Рыбакинаның кәсіби мансабындағы жалпы жүлде қоры 35,3 миллион долларға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша 27 жастағы қазақстандық спортшы бүкіл әлемдік әйелдер туры (WTA) тарихындағы ең бай теннисшілердің тізімінде 11-орынға тұрақтады.