Шахмат Олимпиадасы: Қазақстан қыздары Словенияны жеңді, жігіттер Францияға есе жіберді

Шахмат Олимпиадасы: Қазақстан қыздары Словенияны жеңді, жігіттер Францияға есе жіберді
Басқа

Спортты дамыту дерекциясы

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының үшінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны ірі есеппен жеңсе, ерлер құрамасы Франциядан жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында шахматтан 46-шы Дүниежүзілік Олимпиаданың үшінші тур бәсекелері аяқталды.Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы Словения шахматшыларына қарсылық танытпай, 3,5:0,5 есебімен сенімді жеңіске жетті. Көшбасшы Бибісара Асаубаева өз партиясын тең аяқтаса, Алуа Нұрман, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева қарсыластарынан айласын асырып, құрама қоржынына маңызды ұпайлар салды.

Ал ерлер құрамасы үшін бұл тур сәтсіз болды. Жігіттеріміз әлемнің ең мықты 10 командасының қатарына кіретін Франция құрамасынан 0,5:3,5 есебімен ұтылып қалды. Тек бірінші тақтада ойнаған Денис Махнёв қана блицтен әлемнің бұрынғы чемпионы Максим Вашье-Лагравпен тең түсіп, команданың жалғыз жарты ұпайын еншіледі.

Бұған дейін ерлер құрамасы Гаити мен Нигерияны жеңген болатын.