Каратэші Бэлла Самашева Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Жекпе-жек
Арлан Олжабай
Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Бэлла Самашева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.
Бэлла қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңді.
Осылайша Бэлла Самашева 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.