Жүзуден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалына шықты
Басқа
Никита Басов
Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандастарымыз 4х100 м кешенді жүзуден эстафеталық жарыста өнер көрсетті. Ұлттық құрама қашықтықты 3:38.65 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте үшінші орын алды. Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы алтын жүлде үшін күреседі.
Айта кетейік, бұған дейін Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден ақтық сынға өткен еді.