Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында қола жүлде алды
Жекпе-жек
ҰОК
Жапонияның Нагоя және Айчи қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында каратэден Қазақстан құрамасының қоржыны кезекті жүлдемен толықты. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов турнирдің қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ширек финалда ирандық Мортеза Нематиге есе жіберген қазақстандық спортшы, қарсыласының финалға өтуінің арқасында жұбаныш матчында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
Үшінші орын үшін өткен шешуші бәсекеде Әжіқанов филиппиндік Алвин Батиканды 10:1 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл марапат Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы 11-ші жүлдесі ретінде тіркелді.