Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстаннан басым түсті

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстаннан басым түсті
Басқа

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан ерлер құрамасы волейболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Топтық кезеңдегі үшінші матчта қазақстандықтар Өзбекстанға қарсы ойнады. Төрт сеттің қорытындысы бойынша ұлттық құрамамыз 3:1 (25:13, 22:25, 22:25, 17:25) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін Пәкістанға 3:1 есебімен жол берсе, Жапониядан 3:0 есебімен жеңілген еді.