Азиада-2026: Қазақстандық жеңіл атлет биіктікке секіруден күміс жүлде алды
Басқа
Сали Сабиров
Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз биіктікке секіруден ақтық сында бақ сынады. Кристина өзінің үздік мүмкіндігінде 187 см биіктікке секіріп, екінші орын алды.
Өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева алтын медаль жеңіп алды - 190 см. Үндістан өкілі Пуджа үшінші орынға ие болды - 184 см.
Қазақстандық Надежда Дубовицкая 184 см биіктікті бағындырып, бесінші орынға ие болды.