2022 жылы Елена Рыбакина 370 эйс жасаған
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина осы маусымда жасалған эйстер санынан әлемдегі үздік үш теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Елена Рыбакина осы маусымдағы 57 кездесуінде 370 эйс жасаған. Ал бұл рейтингте WTA маусымы қорытынды турнирінің жеңімпазы франциялық теннисші Каролин Гарсия көш бастап тұр. Ол 63 матчта 394 эйс жасаған. Ресейлік Вероника Кудерметова үздік үштікті түйіндеп тұр - 59 кездесуде 265 эйс.
2020 жылы Рыбакинаның осы тізімде 193 эйспен көш бастағанын айта кету керек.
Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін биышғы маусымның сәтті болып, мансабында бірінші рет “Үлкен дулыға” кезеңі - Уимблдонды жеңіп алғанын еске салайық.
