Алан Құрманғалиев Бейжіңдегі WTT турнирінің күміс жүлдесін иеленді

Алан Құрманғалиев Бейжіңдегі WTT турнирінің күміс жүлдесін иеленді
Теннис

ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өткен беделді WTT China Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы U19 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында Құрманғалиев алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға дейін жетті. Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі У Ифэймен тартысты ойын өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті.

Шешуші кездесуде Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэньмен кездесті. Бұл жолы қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.