Eurasia Jastar Cup: Қазақстан командасының құрамы анықталды
4-7 ақпан күндері Астанада хоккейден “Eurasia Jastar Cup” турнирі өтеді. Жарысқа Қазақстан мен Беларусьтің 18 жасқа дейінгі командалары, Ресейдің 16 жасқа дейінгі жасөспірім және әйелдер құрамалары қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстан жасөспірімдер командасының бапкерлері турнирге қатысатын құрамды жасақтады.
Қақпашылар: Владимир Истомин, Владимир Никитин (екеуі де - “Барыс”), Даниил Кудимов (“Астана”).
Қорғаушылар: Данила Беляков (“Торпедо”), Роман Большедворский, Александр Диде, Аслан Жүсіпбеков, Глеб Лукавенко, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (барлығы - “Барыс”), Бейбарыс Оразов (“Астана”).
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Арыстан Әмірқанов, Артур Гросс, Әділ Бейсембаев, Кәріи Қажыбеков, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Артем Кошевник, Егор Левковец, Денис Леута, Кирилл Ляпунов, Асанәли Русланұлы, Асанәли Саркенов, Семен Симонов, Никита Ситников (барлығы - “Барыс”), Александр Мигунов (“Астана”).
Бас бапкер - Сергей Старыгин
Бапкер - Алексей Обухов
Бапкер - Георгий Верещагин
Қақпашылар бапкері - Алексей Кузнецов
Бас менеджер - Александр Корешков