Эмиль Нұрғалиев әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғамайды

Хоккей
Қорғаушы Эмиль Нұрғалиев топ дивизиондағы әлем біріншілігінде Қазақстанға көмектесе алмайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Хоккейші Ресей азаматтығынан бас тартуға құжат тапсырғанымен, процесс созылып кеткен. Сол себептен 27 жастағы қорғаушы Ригада ел намысын қорғай алмайды.
Еске салайық, Эмиль Нұрғалиев Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келіп, Уфада ер жеткен. Бірақ осымен жеті жыл бойы Қазақстанда өнер көрсетіп келеді.
Дереккөз: Shaiba.kz