Милад Карими еркін жаттығудан Париж Олимпиадасында 5-орынға табан тіреді

Милад Карими еркін жаттығудан Париж Олимпиадасында 5-орынға табан тіреді
Гимнастика

Сали Сабиров

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Милад Карими еркін жаттығу бойынша Париж Олимпиадасындың финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Қазақстандық гимнаст өз жаттығуы үшін 14.500 ұпай жинады.

Бұл жаттығуда филиппиндік Карлос Юло (15.000) чемпион атанса, күміс медальді Израиль өкілі Артем Долгопят (14.966). қоланы Ұлыбритания спортшысы Джэк Джармэйн (14.933) еншіледі. 

Айта кетелік, Милад Карими осымен Олимпиада ойындарын аяқтады.