Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына дайындығын бастады

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына дайындығын бастады
Футбол

ҚФФ

Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуролигасының А дивизионы матчтарына дайындықты бастады. Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын Әзербайжанның Баку қаласында өткізіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап. 

Жиын барысында бапкерлер штабы команданы алдағы топтық кезең ойындарына дайындауда. Еуролиганың А дивизионында Қазақстан құрамасы А тобында Молдова, Италия және Бельгия құрамаларымен кездеседі. Матчтар 29 шілде мен 2 тамыз аралығында Молдованың Кишинев қаласында өтеді. 

Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Виктор Чорный («Winti Panthers», Швейцария), Даниель Кошкарев («Арман», Павлодар). 

Алаң ойыншылары: Игорь Демешко, Баянбек Муралинов, Алан Минбаев, Тимур Ершин, Денис Гулый, Михаил Кайзер, Артур Деринг, Владислав Шевчук (барлығы – «Арман», Павлодар), Арман Шотанов («Barqy», Семей), Саят Әшімов («Малайсары», Жетісу облысы), Әбдіқадыр Құрбанов («Omega», Тараз), Мұса Әлиев («Арман», Павлодар). 

Бапкерлер штабы: Дмитрий Перевертов – бас бапкердің міндетін атқарушы, Антон Шкарин – бапкер-кеңесші, Тимур Камашев – амбассадор, Александр Гайдуков – дәрігер, Дархан Смайылов – массажист, Руслан Кенетаев – кит-менеджер, Берік Өмірбаев – менеджер, Ақылжан Құдайбергенов – медиа-офицер.  

Қазақстан құрамасының матчтар кестесі:

29 шілде, 22:00 Қазақстан – Молдова

30 шілде, 18:00 Италия – Қазақстан

31 шілде, 18:00 Бельгия – Қазақстан