Түркістан облысында шахматтан ашық турнир мәресіне жетті

Түркістан облысында шахматтан ашық турнир мәресіне жетті
Шахмат

Түркістанда Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай, ұйымдастырылған шахматтан «SENAT OPEN» ашық турнирі өз мәресіне жетті, деп жазады bassport.kz. 

Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен, Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен және ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен өткізілген турнирге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, Шахмат федерациясының вице-президенті А.Бабенко, облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық шақырылымы, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Интеллектуалды ойынның қорытынды салтанатына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Негізгі марапат бойынша 1-орынды Сайрамнан келген А.Абдикаримов, 2-орын түлкібастық М.шулашов және және 3-орынды С.Нағызбеков (Шардара ауданы) жеңіп алды. Сонымен қатар командалық ойында Бәйдібек ауданы көш бастаса, 2-орынды Түлкібас ауданы иеленді.

Ал жүлделі 3-орынға Шардара ауданы жайғасты. Ынталандыру марапаттары бойынша депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және әйелдер арасында үздік көрсеткіш иелері мен 60 жастан асқан ойыншылар арасында үздік деп танылған қатысушылар арнайы облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталды.

Барлық шахмат ойынына қатысқан жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді. Сондай-ақ қатысушыларға сертификат берілді. Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта Шымкент қаласында өтетін жартылай финалда бақтарын сынайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі