Бекзат Алмахан UFC-де тарихи жеңіске жетті

Бекзат Алмахан UFC-де тарихи жеңіске жетті
Жекпе-жек

Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан (12-2) UFC турнирінде канадалық Брэд Катонаны (14-5) нокаутпен жеңіп, ұйым тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді, деп жазады Bassport.kz.

Алмахан кәсіби мансабында алғаш рет Катонаны мерзімінен бұрын жеңген спортшы атанды. Бұған дейін Катона 2014 жылдан бері жекпе-жек өткізіп, тек төрешілер шешімімен ұтылған еді. Бірақ Бекзат небәрі 64 секундта жекпе-жекті техникалық нокаутпен аяқтады.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың наурызында өткізіп, ресейлік Умар Нурмагомедовтен (18-1) төрешілер шешімімен жеңілген болатын. Дегенмен ол сол кездесуде қарсыласын нокдаунға жіберіп, өз әлеуетін дәлелдеген еді.