Бекзат Алмахан: “Мен енді ғана бастадым, менен бәрі қашатын болады”

Жекпе-жек
UFC
UFC 315 турнирінде канадалық Брэд Катонаны нокаутпен жеңген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан алдағы жоспарлары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Мен енді ғана бастадым. Әлі дайын формада емеспін. Бұйырса, менен бәрі қашатын болады. Әрі қарай шыңдала беремін, — деді Алмахан Монреальдағы баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұл жекпе-жек Бекзаттың UFC ұйымындағы екінші кездесуі болды. Ол бірінші раундта қарсыласын сұлатып түсірді.
Айта кетейік, Алмахан лигадағы алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың наурызында өткізген еді. Ол кезде ол төрешілер шешімімен ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңілген болатын.