Ислам Махачев Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегін тартып алды

Ислам Махачев Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегін тартып алды
Жекпе-жек

Sportbox

Жеңіл салмақта (70 кг дейін) UFC чемпионы Ислам Махачев жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуге таласу ниетін білдіріп, қазақстандық Шавкат Рахмоновтың титулдық мүмкіндігін уақытша шетке ысырып қойды, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Махачев австралиялық Джек Делла Маддаленаның Белал Мұхаммадты жеңіп, белбеу иегері атанған сәтінен кейін X (бұрынғы Twitter) желісінде:

«Қос чемпион болатын уақыт келді! ИншаАллах! Кеттік!» — деп жазды.

Еске салайық, бұған дейін Махачев Маддалена мен Мұхаммад арасындағы жекпе-жектен кейін келесі қадамын жариялайтынын айтқан болатын. Қазір ол жартылай орта салмаққа ауысуды жоспарлап отыр.

Ал бұл дивизионда екінші орында тұрған - жеңіліс көрмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов. Ол осы белбеуге басты үміткер саналғанымен, ауыр жарақатына байланысты титулдық жекпе-жекті кейінге қалдыруға мәжбүр болды.