Қазақстан Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтады

Басқа
Спортты дамыту дирекциясы
Қытайдың Наньчан қаласында өткен байдарка мен каноэде ескек есуден XX Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеде 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Қытайдан кейінгі екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Иран құрамасы түйіндеді.
Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов жарысқа қатысқан 26 спортшының барлығы финалда бақ сынағанын атап өтті.
“Біз үшін 12 жүлде - жақсы нәтиже. Әсіресе, Олимпиадалық қашықтықтарда алған алтын медальдарымыз қуантады”, – деді бапкер.
Енді ұлттық құрама U23 санатындағы Азия чемпионатына дайындалады. Бұл бәсеке биыл Таиландта өтеді.